Жарияланды: 18.10.2018

Құны 11 млрд. теңгеден асатын инвестициялық жобалар қорғалмақ

Түркістан облысында «Protecting Business and Investments» жобасы аясында инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге тағы 3 кәсіпорын ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің өңіріміздегі департаментімен  екі жақты келісімге қол қойды.

Жобаның мақсаты – қолайлы  инвестициялық ақуал қалыптастырып, мемлекеттік билік институттарына бизнес пен инвесторлардың сенімін нығайту болып табылады.

Атап айтқанда, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Azala Cotton» ЖШС-і 7 070 000 000 теңгені, теңгені және «АГФ Групп» ЖШС-і 251 000 000 теңгені құрайтын Инвестициялық жобалар.

Осымен Департамент жалпы 6 келісімге қол қойып, сүйемелдеу жобалар сомасы 11 506 000 000 теңгені құраған.

Департамент басшысы Әли Амантайұлы өз сөзінде, Жобаға қатысуға қызығушылық танытқан инвесторларға Қазақстан аумағында аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат сыбайлас жемқорлық деректерінен 100 % қорғауға кепілдік берілетіндігін жеткізді.

Сонымен қатар, кәсіпкерлерді әкімшілік кедергілерден дер кезінде алдын алу үшін, өңірдегі барлық мемлекеттік органдардың Департаментпен тікелей әрекеттесетін жауапты мамандары бекітілген арнайы анықтама кітапшасы дайындалғандығын атап өтті.

1 171 қаралым