Жарияланды: 14.06.2018

Жүзеге асар жобалар көп

Оңтүстік Қазақстан облысы өндіріс ошақтары көбейіп, кәсібін дөңгелеткен кәсіпкерлердің қатары артып келеді. Оның ішінде индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде қолға алынған жобалар басым. Ал кәсіпкерлік палатасынан кеңес алған кәсіпкердердің басым бөлігі ауқымды жобаларын ұсынып, қолдау тауып отыр.  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы бұл тарапта ауқымды жұмыстар атқаруда. Одан бөлек облыстық кәсіпкерлік, индустриялды – инновациялық даму басқармасының  қосып отырған үлесі қомақты. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының басты міндеті – бизнес құқығы мен кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау.  Десек те, бұл ұйым облыс экономикасын өркендетуге қатысты барлық салалық басқармалармен бірлесе жүйелі жұмыс істеуі қажет. Осы ретте индустриалды аймақтар мен «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы секілді басқа да қаржылық құрылымдармен тығыз байланыста болу басты міндеттердің бірі. Бүгінде облыстық кәсіпкерлер палатасының құрылымы 177 мың  кәсіпкерлік субъектілерінен және 14 аудандық филиалдан тұрады. Бұл облыс экономикасы үшін үлес қосатын ауқымды күш. Олардың қатары алдағы уақытта да арта түсері сөзсіз. Аудандық бөлімдерде бүгінде көптеген жобалар кезегін күтіп тұр.

1 155 қаралым