Жарияланды: 26.10.2018

Жастар жайлы да, таза жатақханамен қамтылған

Биыл Елбасы Халыққа арнап өзінің бес әлеуметтік бастамасын ұсынды. Соның ішінде үшінші бастамада студент жастардың жатақхана мәселесі, олардың жағдайын жақсарту жайына арнайы тоқталды. Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінде студенттер жатақханасы мәселесі толығымен шешілген. Колледждің типтік жатақханасы  1978  жылы  400 орынға арналып салынған, 4 қабаттан тұрады. Бүгінгі таңда, оның 1-ші қабатында «Түлкібас аудандық оңалту» кабинеті орналасқан, 1-ші және 4-ші қабаттарында ағымдағы жөндеу жұмыстары 2016 жылы жүргізілді, жөндеу барысында есік, терезе, еден, кәріз жүйесі толығымен ауыстырылды. Студенттерге барлық жағдай қарастырылып, жуынатын бөлме, кір жуатын оператор бөлмесі, ас дайындайтын бөлме жұмыс істеп тұр. Жатақханада теледидар, тоңазытқыштар, газ плиталарымен жабдықталған. Студенттердің жан жақты дамуы үшін  спорттық бөлме, сабақтарға дайындалатын бөлмелер, дәрігерлік бөлме әрқашанда ашық тұрады.  Жатақхана ағымдағы жөндеуден өтіп студенттердің игілігіне беріліп,  қазіргі таңда жатақханада 200 ден аса студенттер тұрады. Мемлекет басшысы соңғы жылдары жастардың кәсіптік білім алуына күш салуды тапсырды. Кәсіптік техникалық мамандықтар бойынша колледжімізде күндізгі бөлімде 603 студент, ал сыртқы бөлімде 42 студент білім алуда. 2017-2021 «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 100-студент білім алуда. Студенттер жәрдемақы, жол ақысы және шәкіртақымен қамтамасыз етілуде. Студенттердің сапалы білім алуына барлық жағдайлар жасалған. Аудиториялармен зертханалар қазіргі заманауи видиопроекторлармен, интерактивті тақталармен толығымен жабдықталған. Оқу шеберлерінің, оқытушылардың қолданылуында 4 тігін шеберханасы, 2 дәнекерлеу шеберханасы, 16 лабораториялық кабинеттері бар. Оқытушылар өз біліктілік санаттарын үнемі жоғарылатып отырады. Ол үшін облыс және республика көлемінде семинарларға, дөңгелек үстелдерге, пәндік олимпиадаларға қатысып өзінің кәсіби шеберлігін арттыруда.

1 083 қаралым