Жарияланды: 29.10.2018

Қыздың отбасындағы тәрбиесі түсіндірілді

Түлкібас аудандық «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аудандық аумақтық орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу бөлімшесі «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты семинар кеңесін өткізді. Алдымен Түлкібас поселкесіндегі Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінің оқушы қыз балаларымен кездескен ұйымдастырушылар қазіргі таңдағы қыз балалардың болашағына қатысты мәселелер мен тақырыптарды қозғады. Жиынға «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аудандық аумақтық орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Майра Түкербаева, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Ақсұлу Күзембаева, Жастар ресурстық орталығының психологы Ақерке Иманбек,  әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу бөлімшесінің меңгерушісі Бейсенкүл Байғарашева қатысты. Бұл іс-шара халықаралық қыздар күніне арналған республикалық он күндік аясында өткізіліп отыр. Онкүндіктің мақсаты – қыздардың білім алу, медициналық қызметті алу, кемсітушіліктен, зорлық-зомбылықтан, ерте және мәжбүрлі некеден қорғалу құқықтарын жүзеге асыру. Қыздар мен әйелдердің құқықтарын бұзу үшін жағдайлар жасайтын стереотиптерді жеңу, ерте және мәжбүрлі некелерді теріс құбылыс ретінде айыптайтын қоғамдық пікір қалыптастыру. Сондай-ақ, ҚР Конституциясының халықаралық құқықтық актілерінде біздің мемлекетте және БҰҰ Бас Ассамблеясымен бірге қыздар құқығын қорғау, кемсітуге, зорлық-зомбылық әрекеттерге жол бермеу. Семинар кезінде жаңадан бойжетіп келе жатқан қыз балаларға өз құқықтарымен бірге, отбасылық тәрбие жағдайы, денсаулығы, қыз баланың қоғамдағы орны жайлы түсіндірді. Мұнан соң дәл осындай іс-шара Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінде де жалғасты.    

1 066 қаралым