Облысымыздың орталығы Түркістан қаласында шығармашылықпен жұмыс жасайтын басшыларды анықтау, қолдау және облыстағы білім беру ұйымының озық инновациялық менеджерін насихаттау мақсатында «Табысты менеджер-2018» атты байқау өткізілді. Байқауға облыс көлеміндегі барлық мамандандырылған білім беру ұйымының басшылары қатысты. Осы аталған байқауға Түлкібас ауданының үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-интернатының директоры Пралиева Фарида Азмеданқызы қатысты. Байқау мынандай алты күрделі үрдістерді қамтыды: «Мен табысшы басшымын» интербелсенді таныстырылым; «Табысты білім беру ұйымының заманауи моделі» жоба қорғау; шығармашылық көрме; басқару жағдаяттарын шешу; «Заманауи басшы: табыс формуласы» эссе; «Басқарудағы менің жетістіктерім» атты бейнебаян. Нағыз заманауи басшыны анықтайтын, күрделі үрдістерден тұратын байқаудың қорытындысы бойынша Фарида Азмеданқызы Пралиева «Табысты басшы» және іскер екенін дәлелдеп, жүлделі бірінші орынды иеленді. Жеңімпаз басшыға алдағы уақытта толағай табыс пен биік белестер тілейміз.
А.КАДРИСОВ,
кәсіподақ ұйымының төрағасы.