Жарияланды: 31.10.2018

Қазақ қызы деген атқа лайық болуға кеңес берді

т

Түркістан облысы, Отырар ауданы, Қарғалы ауылында қазіргі қыздардың қылығы жайлы дөңгелек үстел өтті. Келеңсіз жағдайлармен жат қылықтардан сақтану,ойланбай от басып, тағдыр тәлкегіне түсудің алдын алу  мақсатында ұйымдастырылған шараға жоғарғы сыныптың қыз балаларымен қатысты. Бұдан бөлек, мектеп психологы, медбикелер мен ұстаздар қауымы бас қосты. «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психологы Г. Жантілештің айтуынша, қоғамда белең алып отырған жасөспірімдер арасындағы аутодиструктивті оқиғалар (өз-өзіне қол жұмсау), ерте жүктілік, қыз тәрбиесі жөніндегі кейбір келеңсіз іс-әрекеттер саны осындай кездесулер нәтижесінде төмендеуде. Жиын барысында, түсіндіру, үгіт-насихат жұмыстары бейнероликтер көрсетілді.  Ұйымдастырушы тарап баяндама жасаса, оқушылар сұрақтар қойылып, қызу пікір алмасты.

«Қыз өссе – елдің көркі, Гүл өссе- жердің көркі». Кездесуге келгендер бойжетіп келе жатқан жас қыздарға болашақ ана екендерін ескертіп, кез-келген ортада қазақ қызы деген атқа лайық болуды кеңес етті.

1 173 қаралым