Жарияланды: 31.10.2018

Гендерлік саясат-қоғам талабы

Бүгінгі күнi гендерлік мәселесіне қоғам тарапынан үлкен назар аударылуда. Біздің халқымыз ер-азаматты шаңырақ иесі десе, әйел –ананы отбасының алтын қазығы деп бағалаған.

Қазіргі кезде, «гендерлік теңдік» деген ұғым үлкен саяси ғылымға жалғасып, Елбасымыздың қолдауымен гендерлік теңдік аясында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заң қабылданды. Бұл Заң тек әйелдерге ғана емес, отбасының басқа да мүшелерінің тең құқықтарын сақтап, тұрмыстағы қысымды болдырмауға ықпал етеді. Осыған қоса ҚР Президенті жанындағы Отбасы істері және демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жұмыс жасауда. Оның негізгі міндеті – Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы, ҚР 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы және Қазақстан қатысушысы болып табылатын отбасы мен гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі халықаралық келісім шарттар аясында отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.

Гендерлік саясатты мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты ретінде жүзеге асыру экономиканың, әлеуметтік саланың дамуымен, әйел мен ердің тең құқығының конститутциялық принциптерімен қамтамасыз етілген. Гендерлік компоненттердің қоғам өмірінің барлық саласына белсенді қатысуы гендерлік теңдікке қол жеткізуге үлкен мүмкіндіктер береді. Сондай-ақ, қоғам гендерлік саясатты тек қағаз жүзінде ғана емес, сонымен қатар қоғамның өзімен қоғамдық ұйымдар, БАҚ және т.б. арқылы жүзеге асыру тиіс екендігін түсінуі қажет.

Айта кету керек, әйелдер қай салада қызмет етпесін, өз беделдерімен қатар, сол сала жауапкершілігін де арттырып, жұртшылық құрметіне бөленуде. Әрбір істің қиыншылығы мен қызықшылығы, жетістігі мен жемісі болады. Әйелдер қолы тимеген сала жоқ десек артық айтқандық емес. Мемлекет қайраткері, батыр, ел басқарушысы болған көрнекті әйел тұлғалардың есімдері белгілі. Бұл елімізде әйелдер қауымының гендерлік теңдікке біршама қол жеткізгендігін білдіреді. Дегенмен, гендерлік теңдікке толықтай қол жеткізу үшін заңнамалық құжаттардың күші жеткіліксіз, өйткені бұған негізінен халықтың менталитеті мен дәстүрлі түсініктер де ықпал ететіні сөзсіз.

 

 

 

 

 

1 038 қаралым