Жарияланды: 31.10.2018

Отбасының негізі неде?

Кез-келген отбасының негізгі қағидалары мен міндеттері болады. Жанұя жылуын  сақтап, тұрақтылық орнату үшін олар өте маңызды. Бүгінгідей алма-ғайып заманда отбасындағы құндылықтың маңызы қандай? Қазіргі қоғамдағы жанұя негізі неде? Осы мақсатта арнайы сауалнама жүргіздік. Бұқара пікіріне назар аударайық.

Перизат Одаманова, 5 баланың анасы:

Біздің отбасындағы жанұяның бірлікте, сыйластықта. Біз жұбайымыз екеуміз балаларымыздан үнемі адалдықты талап етеміз.Біреудің ақысын жеуден сақ болыңдар, не жеп, не кисеңдер де халал жолмен табыңдар дейміз. Бізге ата-анамыз осылай үйреткен. Біз жаман болмадық.Енді, осы қағидаларды ұрпақтарымызға жалғап жатырмыз.

Уәли Сартаев, жас маман:

Кез клеген жанұяда тәрбие болмаса, қалғанының бәрі бекер. Әлемнің екінші ұстазы Әл-фараби «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деп бекер айтпаған. Сондықтан, жас буынның тәрбиесіне бекем болу қажет.

Жұпар Құттыбаева, зейнеткер:

5 бала-шағам бар. Бәрі өз орнын тауып, бір –бір отбасының ұйытқысы болып отыр. Кішкенайынан үлкенге құрметпен қарауды, кішілерге мейірімділікпен, ізеттілікпен қарауды санасына құйдық. Кез-келген ортаға біліміңмен емес, мінезіңмен сыйасың. Сондықтан, баланың кішкентайынан көркемс мінезділікке баулу қажет деп ойлаймын.

1 374 қаралым