Жарияланды: 31.10.2018

Жас аналар дәрігерлерге дән риза

Ана мен бала денсаулығын сақтау мемлекет алдындағы басты бағыттардың бірі. Әйел құрсағына бала біткеннен дәрігерлердің жіті назарында болады. Сәбидің 1 жасқа дейінгі күтіміне байланысты да арнайы жәрдемақы қарастырылған. Мемлекет тарапынан қолға алынған бастамалар жас аналардың көңілінен қаншалықты шығады. Арнайы сараптама жүргізген болатынбыз.

Гүлдаурен Өмірзақова, жас ана:

  • Менің жасым 24-те.Отырар ауданы, Темір ауылының тұрғынымын. 1 қызым бар. Қазір 2 жасқа келді. Екіншіме аяғым ауыр. Ауылдық, аудандық дәрігерлерге айтар алғысым шексіз. Дер кезінде тексеруден өткізіп, кеңес беріп тұрады.

Қарлығаш Маратқызы, жас ана:

  • Мен Түркістан қаласының тұрғынымын. Мамыр айында бірінші баламды босандым. Дәрігерлердің арқасында денсаулығымыз жақсы. Бала ауырған кезде кез-келген жағдайда учаскелік медбикеміз жылдам келіп, тексерістен өткізіп тұрады. Ешқандай шағымым жоқ.

Әйгерім Құттыбаева, жас ана:

  • Мен Ордабасы ауданы, шұбар елдімекенінің тұрғынымын. Екі балам бар. Аралары жиі. Біріншісін ота жасау арқылы дүниеге әкелдім. 1,5 жылдан кейін екінші ұлымды өз күшіммен босандым. Әуелі Алла, екінші ақ халаттылардың арқасында қазір денсаулығымыз жақсы. Олардың еңбегіне дән ризамын.
1 189 қаралым