Жарияланды: 31.10.2018

Балабақша бала тәрбиесін бір ізге түсіреді

Бала тәрбиесі қай заманда болсын көкейтесті мәселе.Уақыт өтіп, заман дамыған тұста ата-ананың екеуі де қоғам сұранысына орай көп уақытын жұмысқа арнайтыны жасырын емес. Есесіне бала 2-3 жасынан бастап, балабақша тәрбиесін көреді.Бұл қаншалықты дұрыс? Бұл мәселеде қоғам не дейді?

 Кенжеайым Құттабаева, мұғалім:

 Екі балам бар. Оларды 2-3 жасынан балабақшаға беріп, жұмысқа шықтым. Бірінші қызым өте ұяң болатын. Бөбекжайдағы өзімен қатар, балалармен араласып, ашылды. Үйге қонақ келгенде аузын ашпайтын. Қазір түрлі іс-шараларға белсене ат салысады. Өз басым қолдаймын.

Нағима Үмбетаева, кәсіпкер:

Қазіргі балардың ой-өрісі, іс-қимылы бұрыңғыға қарағанда әлдеқайда жоғары. Менің ойымша, бұл балабақшаның әсері. Не дегенмен арнайы кәсіби мамандар бар.Баланың толыққанды өсіп-жетілуіне толық жағдай жасалған.

Жадыра Маханбетова, студент:

Бұрындары бірінші сыныпқа баратын балалардың сабаққа үйрену өте қиын еді. Ойын баласы сол уақытқа дейін тек асыр салып, ойнауға ғана бейімделген. Қазір балабақшаның арқасында бұл міндеттің жүгі жеңілдеді. Бүлдіршіндердің дене еңбегімен ой еңбегі шебер үйлестірілген.

 

1 138 қаралым