Жарияланды: 31.10.2018

Баланыңызды қалай тамақтандырып жүрсіз?

«Бала- болашағымыз».  Олардың қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасуына денсаулығы тікелей әсер етеді.  Қазіргі таңда, көше бойында тез дайындалатын тағам түрлері көп. Құрамында химиялық қоспасы көп тағамдарға сұраныс жоғары. Әсіресе, балалар қолына ақша түссе, фас-фуд өнімдерін тұтынғанға әуес. Ал, ағзаға тиер әсерінің салдарын ескеріп жатқан ешкім жоқ. Ал, сіз оқырман тез дайындалатын тағам түрлерін қаншалықты жиі тұтынасыз. Осы орайда тұрғындар арасында сауалнама жүргізген болатынбыз.

Анар Сартаева, 4 баланың анасы:

  • Менің балаларым тез дайындалатын тағам түрлерін сүйіп жейді. Бірақ, мен барлығын үйде өз қолыммен жасап беремін. Менің ойымша, кез-келген тағамды артығымен жесе ағзаға зиян. Мөлшермен жеп тұрғанға ешнәрсе бола қоймас.

Қайсар Маратұлы, Ордабасы ауданының тұрғыны:

  • Жас балалар былай тұрсын, бұл тағамға үлкендерде әуес. Заманына қарай тағамы. Менің ойымша, қандай тамақ түрі болсын, тамақтанып болған соң, міндетті түрде қимыл қозғалыс болуы керек. Тез дайындалатын тағам түрлері ағзада қортылу үрдісі баяу. Айтарлықтай зиян дей алмаймын.

Тұрар Сатыбалды, студент:

  • Аталған тамақтарды тұтынуға менің еш қарсылығым жоқ. Себебі, мен осы өнімдермен 15 жылдан бері жиі тамақтанамын. Денсаулығымда ешқандай кінәрат жоқ. Адам өзі қалағанынша тамақтанғанды жөн деп санаймын.
1 177 қаралым