Жарияланды: 31.10.2018

Баланың уақытын қалай тиімді пайдалану керек?

Бұрындары балалардың бос уақыты мүлдем болмайтын. Үй шаруасын ата-анасымен бірге атқаратын. Барлық үйірмелер тегін болатын. Ата-аналардың да уақыты қазіргідей тығыз емес. Бүгінде заман өзгерген.  Қарбалас тіршілік, уақыттың тығыздығы ата-ана мен бала арасын алшақтатып жіберді.  Балғын балалық шақ балаңыз үшін бақытты болсын десеңіздер, мына кеңестерге назар аударыңыздар:

  1. Баламен теңдей араласыңыз. Араларыңызда сенімді қарым-қатынас орнатыңыз. Балаңыз сізге әңгіме айта бастағанда телефонға немесе басқа шаруаларға алаңдамай, оны соңына дейін тыңдаңыз. Қонаққа барғанда өзіңізбен бірге ертіп жүруге тырысыңыз.
  2. Балаңызды  ол қалаған нәрселермен емес, оған қажет нәрселермен қатамтамасыз етуге тырысыңыз. Егер де балаңыз белгілі-бір нәрсеге мұқтаж болмаса, оның өтінішінен бас тартудан қорықпаңыз. Тек  мұндай шешіміңізді дөрекі түрде айтпай,  жаймен түсіндіріңіз.
  3. Дастархан басындағы кешкі астарыңыз гаджеттерсіз өтетін болсын. Аптадағы бір күніңіз отбасына арналатын болсын.
  4. Күн сайын баланы үй шаруасына бейімдеңіз. Ол өз міндеттерін атқара білуі керек.
  5. Ас ішкенде, дүкенде, көлікте, қонақта гаджет қолдануын шектеңіз.
  6. Түрлі техникалар мен ғаламтор қолдануына кетіретін уақытын азайтыңыз, бірақ мүлдем шек қоймаңыз. Өйткені ол балалық шақтың әуестіктерін білуі керек. Бұл оның өзімен жасты құрбыларымен тіл табысып, қарым-қатынас орнатуына оң ықпал етеді.
  7. Балаға ата-аналық махаббаттарыңызды білдіріп, оның тұлға екендігін көрсетіңіз. Жеке өміріне, достарының қызығушылықтарына ықыласпен қараңыз. Бірақ өзіне тиесілі жұмысты ол үшін атқармаңыз. Бала өскен кезде сіздің көмегіңізге үнемі мұқтаж болмауы керек.
  8. Балаңызды әр түрлі үйірмелерге бейімдеңіз. Бірақ тым шектен шығып, қатты шаршартпаңыз. Өзі қалайтын және қызығатын нәрселермен араласқаны дұрыс. Баланың сізбен араласуына да уақыт қалдырыңыз.

Ең бастысы, ешқандай материалдық құндылықтар мен қызықты әуестердің ата-ана қамқорлығы мен мейірімін алмастыра алмайтынын естен шығармаңыз.

1 229 қаралым