Оңтүстік Қазақстан облысында индустриалды-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыру кең өріс алып келеді. Өңірге қарасты Созақ ауданындағы индустриалды аймақта жүзеге асырылып жатқан жобаның бірі «КазХимПромРеагент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Ион алмасу шайырлар өндірісі. Мамандар бұл жобаны кең ауқымды, бұрын соңды елімізде болмаған өндіріс орны болады деп есептейді. Әрі өндірілген өнімге де сұраныс жоғары болады деген сенім бар. Өндіріс келесі жылы іске қосылғаннан кейін жылына 5 мың тонна ион алмаспалы шайыр шығарылатын болады. Жобаның жалпы құны 9,9 миллиард теңге. Жергілікті тұрғындардың 80 адам жұмыспен қамталмақ. Аудандағы уран өндіріс біраз кәсіпорындардың ашылып, дамуына ықпал жасап отыр. Алдағы уақытта осы салаға қажетті өнім өндіретін тағы да бірнеше кәсіпорын ашылады деген жоспар бар. Бұл біріншіден аудан экономикасының қарыштап дамуына сеп болса, екіншіден жергілікті тұрғындарға жұмыс орны ашылақ. Бұл өз кезегінде аудандағы әлеуметтік мәселелердің шешімін табуына септеспек. Алдағы уақытта уран өндірісне қажетті қосалқы бөлшектер шығаратын зауыт ашылуы да бек мүмкін.
Жарияланды: 16.06.2018