Жарияланды: 18.06.2018

Барлық өнім шетелге экспортталады

Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысының орталығындағы «Оңтүстік» индустриалды аймағында қайнаған қызу жұмыс. Түрлі кәсіпорындар бүгінгі ішкі нарыққа да, сыртқы нарыққа да аса сұранысқа ие тауарлар өндіруде. Алармандары да аз емес. «Оңтүстік» индустриалдық аумағындағы «Shymkent Temir» оңтүстік өңірдегі болат блюм шығаратын алғашқы қазақстандық кәсіпорын. Алып зауыт «Shymkent Temir» ЖШС бас директоры Б. Әлтеевтің айтуынша, зауытта 40 тонналық индукциялық пештер және үш қырлы үздіксіз құю машиналары қолданылады. Жоба 2015–2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, осы жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беріледі. Шығарылатын өнімнің 100 пайызы жақын шетелдерге экспорттау көзделген. Сонымен қатар Индустрияландыру картасы аясында 20 жобаны іске асыру жоспарларымен таныстырды. Анықтама: «Shymkent Temir» ЖШС жобасына 4,85 млрд теңге инвестиция тартылды, 150 тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарда бар. Кәсіпорынның жобалық қуаты — жылына 240 мың тонна блюм. Металлургиялық өнімдердің кез-келген түріне одан әрі өңдеуге дайын құймалар түрінде болат блюмдер шығару жоспарланған. Кәсіпорын өнімдеріне деген сұраныс аз болмайтындығы анық. Өйткені өңірімізде бұрын соңды болат блюм шығаратын алып кәсіпорын болмаған.

1 485 қаралым