Жарияланды: 06.10.2018

«Азаматтық бақылау»

«Даму» жастар қоғамдық бірлестігі «Азаматтық бақылау» қоғамдық қабылдауының ашылғандығын хабарлайды.  Қоғамдық  қабылдау Түркістан облысының барлық ауданы мен қалаларының Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүзеге асырылады. 

                 Жобаның мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында құқықты қолдану тәжірибесін бағалау мен зерделеу және қоғамдағы сыбайлас жемқорлық деңгейін анықтау. Қоғамдық қабылдау кезінде «Қазақстан Республикасының мелекеттік қызметі» туралы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» туралы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы заңдарының және «Қазақстан Республикасыны мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің » талаптары бойынша кеңестер беріледі. Аталған мәселелерге қатысты кез келген мәлімет назарға алынып, тиісті қорытындысы шығарылатын болады.

1 266 қаралым