Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі бойынша 1000-ға жуық азаматқа көмек көрсетілді

 

Облыстық облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарманыңоблыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі секторларында 965 кездесу, 18 дөңгелек үстел, 16 семинар, 18 сұхбат берілді, 21 мақала жарияланды, 15 аудан, қаланың орталық алаңдарында, секторларда, білім беру ұйымдарында зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша плакаттар мен банерлер ілініп, халық арасында 600-ге жуық буклет, флайерлер таратылды.

     3500-ге жуық әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, тұрмыстық  зорлық зомбылыққа, ерте жүктілік салдарына, жасөспірімдерге және әйелдерге қатысты құқықбұзушылықтан зардап шегуіне тәуелді топтардың есебіне кіреді. Аталған отбасыларға облыс бойынша   15 «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу  қызметі» секторларының қызметкерлері заңгерлік, психологиялық, әлеуметтік көмек көрсетуде.

       Қазіргі таңда «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу  қызметі» секторларының жұмыстарына зерделеу жүргізілу барысында  1000-ға жуық азаматтарға заңгерлік, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетілді. Жастарға психологиялық кеңес беру мақсатында жеке қабылдау арқылы жыл басынан бері 100-ден астам жасқа, 1303 санды Саll-орталығы арқылы 665 жасқа тегін көмек көрсетілді. Аудан, қалалардағы әлеуметтік-психологиялық секторларда жәбірленген қыз-келіншектерге құқықтық көмек көрсетіліп, зомбылықтың түрін талдап, категориясын анықтап, құқықтық және психологиялық кеңестер берілуде. 

126 қаралым

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*