Жарияланды: 06.12.2018

Түркістан облысында жас отбасылардың саны 3 мыңға жуық

     

   Облыста ерте жүктіліктің алдын алу, жастармен әйелдерге қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында облыс психологтарының қатысуымен 15 семинар-тренинг өткізілді. Яғни, ерте жүктілік көрсеткіштерін салыстырмалы түрде зерделеу жүргізу барысында анықталғаны жүктілер регистрінде тіркелген жасөспірім жүктілер саны 370    (2017жыл — 235): олардың ішінде 15 жастағылар – 3, 16 жастағылар   –  72, 17 жастағылар – 295, барлығы 370 ерте жүктілік фактісі тіркелді. Аудан, қалалар бойынша ең жоғары көрсеткіш Мақтарал ауданында (58), Түркістан қаласында (46), Сарыағаш (46), Сайрам (24), Төлеби (23), Ордабасы (20) аудандарында.   Облыстық жастар ресурстық орталығында облыстың  435 психолог мамандары кәсіпкерлік санатын көтеру мақсатында біліктілік арттыру курстарынан өткізіліп, білім беру ұйымдарында жұмыс жасауға жіберілді.

Облыс көлемінде әйелдерге қарсы жасалған 6003 құқық бұзушылықтар тіркелінген (2017ж. – 5803); оның ішінде тұрмыстық қарым-қатынаста 1483 (2017ж. – 1307); қылмыстық іс қозғалғаны 2544 (2017ж. – 2709). 

Бүгінгі таңға дейін Түркістан облысында заңды некеге 920 000 мыңға жуық отбасы тіркелді. Оның ішінде заңды жас отбасылардың саны 3000-ға жуық, ал 18 жасқа дейін заңды некеге 23 әйел тіркелген. Аудан, қаладағы әлеуметтік-психологиялық секторларда ай сайын заңды некеге тұрған жас отбасылардың тізімі жасақталып, «Бақытты отбасы», «Отбасы берекесі» атты тақырыптарда 20-дан астам кездесу, жиындар мен ашық  сұхбаттар ұйымдастырылып өткізілді. 

1 020 қаралым