Аудандық мәдениет үйінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Түлкібас ауданының 90 жылдығына орай «Сырласым — жеңгем» атты аудандық байқау өтті. Байқаудың мақсаты: жеңге мен қайынсіңілі, ене мен келін арасындағы сыйластық бір-біріне деген ілтипат, үлкенді сыйлау, қызды аялау, отбасының беріктігі мен жылылығын сақтау, отбасындағы тәрбиеде жіберіліп жатқан кемшілік тұстарын қалыпқа келтіру. Атадан балаға мұра етіліп келе жатқан әдеп- ғұрыпымызды, салт-дәстүрімізді, тілімізді, дінімізді сақтау.
Байқауға ауыл округтерінен бес үміткер қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ, байқауға қазылар алқасы сайланып, әділ бағасын берді. Аудандық әжелер алқасының төрайымы Гүлбүбі Ешенқұлова марапат иелерін құттықтап, аудандық мәдениет үйінің арнайы дипломдары және бағалы сыйлықтары табысталды. Бұл байқауда Кемербастау ауының әжелері мен келіндері топ жарды. Бірінші орынды машаттықтар, екінші орынды Балықты ауылы иеленсе, үшінші орын Рысқұлов ауылдық округіне бұйырды. Байқауға көрермен ретінде қатысқан мектеп оқушылары көкейге көп ой салар өнеге ала білді.