Жарияланды: 04.12.2018

«Атадан өсиет – анадан ұлағат»

 

Созақ ауданында «Атадан өсиет – анадан ұлағат» атты ұлттық дәстүрге негізделген байқау өтті. Мәдени шарада қазыналы қарттарымыз ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, салт-дәстүрімізді дәріптеді.

Байқаудың негізгі мақсаты-  отбасылық құндылықтарды сақтау, жастарға дұрыс тәрбие беру, кейінгі ұрпаққа үлгі көрсету. Аталған сайысқа ауданның ауыл округтерінен құралған 13 топ қатысты.  Үміткерлер байқау шартына сәйкес «өздерін таныстыру», «салт-дәстүрлерден қойылған сұрақтарға жауап беру», «Ұмытылып бара жатқан ұлттық тағамдарды дайындау»  

Салыхан Полатов – Созақ ауданының әкімі өз сөзіндеБіз тарихы – тағылымға, дәстүрі – өнеге бай мұсылман қазақ еліміз. Бабаларымыз бізге ұлан-байтақ даланы ғана емес, баға жетпес рухани мұраны қалдырған. Сан ғасырлар бойы ерлік пен елдікке, адамгершілік пен ізетке тәрбиелеп келген. Олай болса осындай рухани мұрамыз келер ұрпаққа мыңжылға жететін рухани азық болатын белгілі, — дегенді айтты. Сахнада өнер көрсеткен ата-әжелер, салт-дәстүрлерге бейім екендегін байқатты. Ұзатылған қыз сағынып ауылға төркіндетіп келгенде дайындалатын «Үлпершек» асын дайындады.

Гүлнар Өмірбек – қазылар алқасының мүшесі: — Бәрімізді қуантқан өзге ұл өкілдерінен құралған «Уран әжелері» атты тобы қазақтың салт-дәстүрлерін терең білетіндіктерімен қуантты. Осындай топтардың ішінен Қаратау, Қарағұр ауылдарынан келгенді атап өтуге болады. Барлық топтар жоғары дайындықпен келген.Жастарымызға, баршамызға өнегесі мол, ұлағаты мол іс-шара болды.

Мәдени шараны тамашалауға келген тұрғындар халқымыздың ұлттық  құндылықтарымен, әдеп-ғұрпымен танысты. Сахналық қойылымдарды  көріп, рухани ләззат алды. 

Қабылбек Еспенбетов – Созақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: — Бұл байқаудың мән-мәнісі бұрынғы ата-бабаларымыз салт-дәстүрін, атқарған жұмыстарын жастарға, келешек ұрпаққа насихаттау мақсатында өтеді. Бұл жыл сайын өтетін мереке. 

Байқаудың қорытындысына сәйкес, «Қазына» және «Теріскей көші» тобы үшінші орынды иеленді. Жүлделі екінші орын «Қазыналы Сарыарқа» мүшелеріне бұйырды. Ал, «Тайқоңыр» елдімекенінің «Уран әжелері» бірінші орынға қол жеткізсе, «Жылыбұлақ» тобы бас жүлде иегері атанды.

1 054 қаралым