Жарияланды: 10.12.2018

Созақ аудандық балалар кітапханасында коворкинг орталығы ашылды

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан кітапханалары — замануи білім Oрталықтары» жобасы аясында Созақ аудандық балалар кітапханасында «BILIM ORTALYGҮ» яғни коворкинг орталығы ашылды. Коворкинг орталығының негізгі мақсаты – әлеуметтік маңызы бар бастамаларды, жобаларды және бірлесе жұмыс жүргізу үшін жастардың қолжетімді жұмыс кеңістігін ұйымдастыру, кітапханалардың жаңа заманауи үлгісін құру болып табылады. Ауданымыздағы коворкинг орталығы үш алаңға бөлінген: іскерлік қатынас және демалыс алаңы, ғаламтор алаңы және балалар алаңы. Іскерлік қатынас аймағы және демалыс алаңы- іскерлік кездесулер, пікірталастар, лекция, семинар, шеберлік сағаттары мен тренингтер ұйымдастыруға болады. Демалыс орнында шахмат, шашка ойнауға болады.Ғаламтор алаңы – Бұл орын жұмыс жасауға қажетті құрал-жабдықтармен (компьютер, проектор, экран, ) жабдықталған. Интернет, WI-FI бар. 
Балалар алаңы – мұнда балалар кітап және журналдар алып, оқуына жағдай жасалған және теледидар арқылы сүйікті бағдарламаларды, мультфильмдерді көруге болады.
Коворкинг орталықта жұмыс істеу үшін барлық жағдай жасалған: ыңғайлы креслолар, үстелдер,интернет жұмыс жасайды.

1 521 қаралым