Жарияланды: 10.12.2018

Жастарға Елбасы мақаласындағы ұлттық құндылықтар насихатталды

Елбасы Н.Назарбаевтың ‘»Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жастар арасында кеңінен насихаттау жəне түсіндіру мақсатында 6 желтоқсан күні Созақ ауданы, Таукент кентіндегі І.Кеңесбаев мектебінің акт залында мектеп оқушылары жəне ауыл жастарымен кездесу болып өтті. Жиынға А.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектептің тарих пəнінің мұғалімі Б.Аманов, аудандық Жастар ресурстық орталығының нұсқаушысы Е.Байменов жəне орталық заңгері С.Бегманов қатысты. Жиынға жүзден аса жастар қатысып, белсенділік танытты. Елбасы мақаласы кеңінен түсіндіріліп, ондағы ұлттық құндылықтар, олардың жастарға берер тәлім-тәрбиесі жайлы сөз болды, жастардың көкейінде жүрген сұрақтар мен ұсыныстары ортаға салынды. Аталған мақаладан өсіп келе жатқан жеткіншек өз тарихымен қатар, салт-дәстүрін танып білері сөзсіз. Мақаланы әрбір жастың толықтай оқып шығуына кеңес берді. Сондай-ақ, жастар тарапынан мемлекетіміздің жастарға деген қамқорлығына жəне келесі жылы Жастар жылы болып бекілгеніне ризашылықтарын білдірді.

 

1 354 қаралым