Жарияланды: 06.12.2018

Жастардың өз-өзіне сенімділігі жоғалған жайдайда не істеу қажеттігі айтылды

Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  психологтары 6 желтоқсан күні аудан бойынша орта арнаулы оқу орындары мен мектеп оқушылары арасында оқу орындарына барып, жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылық, құқық бұзушылық, әлімжеттік ұрлық, ерте жүктілік бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отырғандығы туралы, осы жағдайдың алдын алу мақсатында, білім алушылармен сұрақ- жауап алмасты, тақырыпқа байланысты ойларын ашық айтып пікірлерімен кеңесті. Мұндай кездесудің жиі ұйымдастырылуының себебі, соңғы кезде қоғамда белең алған келеңсіз жағдайлар.
Жасөспірімдердің психофизологиялық денсаулығын, дамуын есепке алып, жеке тұлғаның ерекшелігін жан- жақты зерттеп, жан дүниесін дамыту мақсатында оқушылармен жеке жұмыс жасайтындығы туралы, әр бір бала өз құқығын білуге міндетті, күйзеліске түспеу, өз-өздеріне сенімділік жоғалған жағдайда, кімдердің көмегіне жүгіну керектігі туралы кеңінен түсіндіріп шықты. Психологиялық тренинг жүргізіп, сауалнамалар алынды. 
Күн тәртібіндегі барлық тақырып бойынша іс-шаралар алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

 

1 319 қаралым