Жарияланды: 29.11.2018

«Шаңырақ» отбасы клубының ұйымдастыруымен кездесу өтті

Үстіміздегі жылдың 29  қарашасы күні Жетісай ауданы Асықата кентіне қарасты №15 колледжінде аудандық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және «Шаңырақ» отбасы клубының ұйымдастыруымен 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні мерекесіне орай «Елбасы – елдің тірегі» атты кездесу кеші өтті. Кездесуде тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар беруде Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз екендігін айтып жастарға Елбасымыздың өмір жолы жайлы видеоролик көрсетіліп, кездесу соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Айта кететін жайт, бұл мейрамның аталуының негізі және алғышарты болып 1 желтоқсан күні болған президент сайлауы болды. Алғашқы бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алғашқы президент атанды. Ол жылы Н.Назарбаев 88,2% дауыс берушілердің 98,7% дауысына ие болған еді. Сонымен қатар, еліміздің тарихы, жастардың отансүйгіштігі туралы келелі әңгімелер айтылды. Кештің әсерлі болғандығы сондай, әрбір жас өз туып-өскен жері, туған ауылына деген жылы сезіммен қайтты. 

 

1 158 қаралым