Жарияланды: 10.12.2018

«Жас көшбасшы» номинациясын иеленді

Айжан Ботабекова — жас кәсіпкер, қаланың экономикалық дамуына үлес қосып жүрген креативті кошбасшы, «Аймакс» жеке кәсіпкерлігінің (полиграфия, жарнама, көңіл көтеру саласындағы компания) директоры.

Айжан 2012 жылы қазан айынан Кентау қаласында тегін таралатын Бег-Мак жарнама газетін шығарып келеді. Қала халқы үй, көлік, жұмыс, т.б. іздеген заттарын осы газеттен таба алады. 2013 жылы қалаға тағы бір жаңалық алып келген Позитив салонын ашты. Бұл біртума заттар сатылатын, түрлі киім, керамика, темір, матадан жасалған сувенирлерге сурет пен жазу басатын және дизайнерлік қызметтер көрсететін салон. 2015 жылы тағы да Кентау қаласында алғашқы болып спорт саласы мен кәсіпкерлікті ұштастырып ролик тебу алаңын ашты. Жастардың ризашылығына кенеліп, 2015 жылы «Ең Үздік Жас Кәсіпкер» номинациясы бойынша қала әкімінің мақтау қағазымен марапатталды. 2018 жылы қараша айында Астана қаласында Қазақстан ауыл әйелдерінің бірінші форумына қатысып, Түркістан облысының атынан «Жас көшбасшы» номинациясын иеленді.

1 117 қаралым