Жарияланды: 27.11.2018

«Дәстүріңді баққаның — үмітіңді жаққаның»

27 қараша күні Сарыағаш ауданы Тегісшіл ауылдық округі Таскескен елді мекеніндегі С. Торайғыров атындағы орта мектебі және Мәдениет елді мекеніндегі М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залында «Дәстүріңді баққаның — үмітіңді жаққаның» атты тақырыбы аясында мектеп оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесуге Түркістан облыстық және аудандық «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теолог мамандары қатысты. Теолог маманы Омаров Бағлан қарапайым тілмен жастарға бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерді қозғап, көптеген діни теріс ағымдардан сақтану жолдарын, қазіргідей жастарымыздың діни сауаттылығы жөнінде сөз қозғады. Ислам шариғаты дұрыс ұғымдарды, ізгі мұраттарды бекітіп, бұрыс ұғымдарды тоқтату үшін келді. Сондықтан мұсылман халықтарындағы дәстүрлерді елеп-екшейтін басты безбен шариғат болып саналады. Халық ұстанған дұрыс әдет-ғұрыптар Ислам заңнамасындағы құқықтық нормалардың бастауларының бірі болып саналады. Салт-дәстүріне, ұлттық ерекшеліктеріне ерекше мән берген елдің іргесі берік, келешегі кемел. 

 

1 307 қаралым