Жарияланды: 11.12.2018

Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн

Үстіміздегі жылдың 7 желтоқсан күні «Жалында жастар» қоғамдық бірлестігі Біріккен Ұлттар Ұйымының қаржылай қолдауымен «Ұлттық еріктілер желісі» ЗТБ арқылы «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-әрекеттер» республикалық акциясын Қазығұрт ауданында өткізді.  
«Жастар Ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік меекемесімен бірлесе өткізген бұл іс-шараның басты мақсаты жастарға, әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық, кемсітушілік және гендерлік ескі нанымдар тақырыптарында ақпараттандырулар, сұхбаттасулар және интерактивты театр форматында «Мені естіңіздер: әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жояйық» атты тақырыпта флешмобтар мен пікірталастық сессиялар өткізілді.

Сонымен қатар, «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16-күн» акциясы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде де жалғасын тапты. Мұнда сала мамандары АХАЖ саласымен бірлесіп отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында неке куәлігін алып жатқан жас отбасыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл күнде үйленіп отбасы болғанмен, әрі қарай шаңырқаты шайқалтпай ұстап қалу маңызды мәселе.

1 338 қаралым