Жарияланды: 11.12.2018

Отбасындағы саламаттылық — өркениетті қоғамның талабы

Отбасындағы саламаттылық — өркениетті қоғамның талабы. Өйткені ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлер мен тәрбие отбасында дамып, қалыптасады. “Бала тәрбиесі — баршаға ортақ” десек, жас ұрпақтың қоғамда қауіпсіз өсуі де баршамызды ойландыруы тиіс. Қазір елімізде «зорлық зомбылықсыз балалық шақ» атты акция өтуде.
Осы іс-шараға байланысты Жиенқұм жалпы орта мектебінде оқушылар мен ата-аналар арасында акцияның мақсаты түсіндірілді. Онкүндік ұйымдастырылды. Бұл шара барысында баланы қараусыз қалдырмау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу мемлекеттің ғана емес әрбір азаматтың міндеті екені айтылды. Мектеп оқушылары арасында «Бақытты балалық шақ» тақырыбында шығарма жазылып, отбасы ынтымағы мен ата-ана мейірімі туралы сурет салудан жарыс ұйымдастырылды.
Онкүндіктің мақсаты балаға деген жауапкершілікті арттыру, өскелең ұрпақты адамгершілік, мейірімділікке үндеу болатын. Іс-шара қорытындысында белсенді оқушылар мен ашық және тәрбие сағаттарын шебер ұйымдастыр-ған ұстаздар мадақталды.

Гүлбану ОРЫМБАЕВА,
Бәйдібек ауданы Жиенқұм жалпы орта мектебінің кітапханашысы.

3 895 қаралым