Жарияланды: 11.12.2018

«Ұлтыңды сақтаймын десең, қызыңды тәрбиеле» атты іс-шара өтті

Жуырда Бәйдібек ауданындағы № 19 колледжде ұлттық салт-дәстүрді насихаттау мақсатында «Ұлтыңды сақтаймын десең, қызыңды тәрбиеле» атты іс-шара өтті. Іс-шарада Шаян ауылының әжелер алқасының төрайымы Әтір Әлиева бастаған бірқатар әже-апаларымыз қыз балаларының тәрбиесі мен міндеттері жайында кеңінен айтып өтті. «Қызды тәрбиелегенің — бір ұрпақты тәрбиелегенің» -деген ата-бабаларымыз. Бұл сөздің астарында үлкен жауапкершілік жатыр. Өйткені, қыз — болашақ ұрпақтың анасы. Ұрпақ жалғастығын бәрінен жоғары қою, қыз баласына қамқорлық көрсету – қазақ ұлтына тән қасиет.
— Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасындағы «Рухани жаңғыру» дегеніміз ұмыт болған салт-дәстүрімізді қайта жаңғырту. Еліміздің ертеңі саналатын — жастарды бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеу жалғыз ата-ана мен ұстаздарға ғана емес, барша қоғамға жүктелген міндет, — дейді Әтір Әлиева. Өнегелі ана-әжелеріміздің ақыл-кеңестері, өмірлік тәжірибелері ұрпақ үшін маңызды. Сондай-ақ, шара барысында бейнебаян көрсетілді. Колледждің өнерпаз қыз-жігіттері әуезді ән шырқап, қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады.

1 169 қаралым