Жарияланды: 11.12.2018

Түркістанда әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға арналған дүкен ашылды

Азық –түлік бағасын тұрақтандыру – халық қамы. Осы ретте әлеуметтік дүкендердің септігі мол. Мұндай нысандар тұрғындардың қалтасын қақпай, тұрмысын түзеуге мүмкіндік береді. Осы мақсатты көздеген өңір билігі Түркістан қаласында  «Әлеуметтік дүкен» ашты. Әлеуметтік дүкеннің мақсаты  тұрғындарды арзандатылған азы-түлікпен  қамтамасыз ету, баға тұрықтылығын сақтау. Бұл дүкендердегі азық-түлік негізінен шаруа қожалықтары мен өнім өндіруші кәсіпорындардан тікелей жеткізіліп тұратындықтан бағасы өнім өндірушінің босату бағасымен саудаланады. Яғни базардағы, өзге дүкендердегі бағадан төмен болуы тиіс. Бүгінде тәжірибе көрсетіп отырғандай мұндай дүкендерден тауар сатып алушы тұтынушылардың әлеуметтік статусына шек қойылмаған. Бүгінде Түркістан қаласында  осындай  он әлеуметтік нысан бар. Ондағы тауарлар нарықтағы бағамамен салыстырғанда 15 пайызға төмен. Ғанибет Әубәкіров, Түркістан облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму  басқармасының басшысы: — Дүкенге келушілердің қатары көп. Себебі тауарлардың құны қалтаны  қақпайды. Қарапайым халықтың игілігі үшін ашылған дүкенге, жергілікті тұрғындар дән риза, — дейді.  Халықтың әл ауқатын арттыру-жолдауда айтылған басты міндет. Осы мақсатты көздеген игі бастама, алдағы уақытта шаһардың барлық жерінде іске аспақ.

1 133 қаралым