Жарияланды: 11.12.2018

Балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесу ұйымдастырылды

М. Әуезов атындағы ОҚМУ студенттері балалар үйінің тәрбиеленушілерін ерекше әдіспен құттықтады. Отыз шақты ерікті жас №2 Төлеби балалар үйіне арнайы барып, концерттік бағдарлама қойды. Бүлдіршіндерге сый-сияпат жасап, сыйлықтар үлестірді. №2  Төлеби  балалар  үйі  1928  жылы   ашылған.  Бұл  ұяда соңғы 90 жылда талай  бала  түлеп ұшты.  Ал,  қазір  3 пен  18 жас аралығындағы 59  бала тәрбиеліп жатыр.  Балалар  үйіндегі  жеткіншектер  толық  отбасылық үлгідегі тәрбиемен қамтылған.  Ә.Бейсебаева, №2 Төлеби балалар үйі  директорының  орынбасары: -Балалар үйі мен отбасылықтың айырмашылы ауылда тәрбиленген бала өзі отбасыда тәрбиеленеді. Өз тамағын өзі әзірлеп, өз кірін өзі жуып тұрмыстық жағдайға бейімделіп, келешекте қоғамға қосылағу ыңғайлы және бейім болып өседі, — дейді. Қазір  мекемеде 7 үй бар. Әр үйде 7-8 баладан тәрбиеленеді. Оларға тәрбиеші аналар қамқорлық жасайды.  «Балалар біздің болашағымыз. Сондықтан, балалар үйіндегі бүлдіршіндердің аз да болса көңілін аулайық деп осындай іс-шара ұйымдастырып жатырмыз. Бұл алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады» деп отыр ұйымдастырушылар.

1 267 қаралым