Жарияланды: 12.12.2018

Берекелі отбасы

Көксәйек көпсалалы-техникалық колледжі кітапханасында «Отбасы әлемі» жобасы аясында әлеуметтік педагог Қ.Тайлыбаева «Берекелі отбасы» тақырыбында студенттермен тәрбие сағатын өтті.Тәрбие сағатының мақсаты ата-ана мен бала арасындағы ізгі қарым — қатынасттың орнауына ықпал ету, отбасы құндылықтарын сақтауға үйрету. Ата-ана мен бала арасындағы сенімді , сыйластықты, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы , өз отбасының бас ұстазы ата-ана екенін түсіндіру. Қазақ отбасындағы ата-ана мен баланың кіслік қарым – қатынасы, эмоционалды сезімдері – олардың жаны мен қанының табиғи бірлігі негізіндегі жақындық арқылы орындалған. Қазіргі уақытта баланы заман талабына сай жеке тұлға етіп қалыптастыру қазақ отбасындағы барлық ата-аналар үшін көптеген қиындықтар туғызуда. Бұрын бәрімізге белгілі халқымыздың аса күшті қасиеті балажандылығы деп саналған. Тіпті қазақ әйелі әулиеге түнеп перзент үшін өмір сүретін. Ал, қазір қазақ әйелдері арасында балаға деген сүйіспеншілік күрт бәсендеп кеткен сияқты. Себебі сәби өмірге мүлде дәрменсіз күйде келеді. Нәрестенің өмірге келіп, кіндігінің келісіп, жөргекке оралуынан бастап дені сау, ақылды да тәлімді бала етіп өсіру мақсатындағы ата-ананың өмірінде таусылып бітпейтін қарбаласы басталады. Соңғы жылдары адамның жан дүниесімен сырласып, оның мінез-құлқын, тәртібін зерттеуде психолог – педагог мамандар адамдар арасындағы қарым-қатынасқа айрықша назар салып отыр. 

 
1 215 қаралым