Жарияланды: 12.12.2018

Ата-анадан кейінгі тәрбие беру тұтқасы ұстаздарымыздың қолында

Аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ, «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторының ұйымдастыруымен Бірінші Мамыр ауылдық округіне қарасты Әль-Фараби жалпы орта мектебінде «Қызға қырық үйден…» тақырыбы аясында жоғарғы сынып оқушы қыздары арасында зорлық-зомбылықпен келеңсіз жат қылықтар, ерте жүктіліктің алдын алу бойынша семинар өткізілді. Іс-шара барысында «Қыз тағдыры», «Ата-анаға құрмет» тақырыптарында бейнеролик көрсетілді. Қоғамның алдына ұрпақтың тәрбиесі жүктелген. Сондықтан бұл мәселе қайсыбір қоғамда атүсті  қаралмаған.  Қазақ жастары — елдің болашағы. Бүгінде балабақ­шадан бастап, ата-ана, мектеп, жоғары оқу орындары, қоғам барлығы бала тәрбиесімен айналысады. Елбасымыз: «Елдің ертеңі жастарымыздың қолында, ал жастардың ертеңі ұстаздардың қолында»деген еді, яғни бізде ата-анамыздан кейінгі тәрбие беру тұтқасы ұстаздарымыздың қолында. Яғни мектеп қабырғасында жүргенде тәрбиені дұрыс бере білсе, одан кейін ЖОО қабырғасында да жастарымызға дұрыс бағыт-бағдар бере берілсе ,онда жастарымыз да артындағы жеткіншектерге үлгі бола біледі.Ұстазы жақсының ұстамы жақсы болмақ. Жігіттері қашанда жігерлі,қайратты және бірлікте болса онда оны жау алмас. «Ақыл қайрат жүректі бірдей ұста» деген дана Абайда өзінің шығармаларында тәрбие мен адамгершілікті тиек етеді. Басты себеп те осы сияқты. Барлығы келіп білімге тіреледі. Адам білімді тәрбиемен ұштастыра да білуі керек. 

 

1 071 қаралым