Үстіміздегі жылдың 1 желтоқсаны күні ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай облысымыздағы тұңғыш Медиацияны дамыту орталығының «Бірыңғай қызмет көрсету офисі» Отырар ауданында ашылды.
Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов ашып, айтулы мерекемен және Бірыңғай қызмет көрсету офисінің ашылуымен жиылған көпшілікті құттықтады.
Жиында аудандық соттың төрағасы Әкімбек Жанасов пен «Медиацияны дамыту орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің директоры Лаура Ақшегировалар сөз алып, елдің игілігі жолында ашылған орталық жақсылықтың жаршысы және игі істердің бастамасы болатындығына сенім білдірді. Мұнан соң жаңа орталықтың ашылуына орай салтанатты түрде лантасы қиылып, орталықтың кабинеттерімен танысып шықты.
Арнаулы орында тәжірибелі маман, кәсіби медиатор Ержан Арысбаев тұрғындарға сапалы қызмет көрсетсе, алдағы уақытта еңбек, отбасылық, қаржылық дауларға душар болғандарға тәжірбиесі мен біліктілігі ұштасқан мамандар құқықтық және психологиялық қызметтер көрсетпек.
Жарияланды: 13.12.2018