Жастар қайда бағыт алып бара жатыр? Олардың қоғамдық көзқарастары, даму сатысы қалай? Қайда, неге ұмтылады? Дәл осы сауалдарға Түркістан облысы жастарының басын қосқан жастар форумы болып өтті. Аталмыш форумда жастардың белсенді тобы бас қосты. Түрлі сала үздіктері білгенімен бөлісіп, форум коммуникациялық алаңға айналды. Жастар форумына» 700-ден астам қатысушы келді. Жалпы, форумның көздегені – өз кәсібінің мамандары жастарға белгілі бір дағды қалыптастыру. Ал, олардың күні бүгін бос уақытын қалай өткізіп жүргені толғандыруы тиіс. Осы орайда, қалалық балалар, отбасы және жастар істері жөніндегі басқарма кәсіби мамандар мен жас өрендерді бір арнада тоғыстырды. Өзекті тақырыптар шеңберінде форум қатысушылары 5 бөлім бойынша, танымал тұлғалардан дәріс тыңдады.
2019 – жастар жылы. Елбасы бекіткен бұл шешім болашаққа құйылған капитал. Олардың ұлттық тәлім тәрбие, кәсіби, іскерлік, отбасылық құндылық байланысын ілгерілетіп, бұқаралық спортты дамытуға үндеу керек.