Жарияланды: 13.12.2018

Тұрақтылық — шынайы отбасында ғана қалыптасады

Үстіміздегі жылдың 12 желтоқсаны күні Қазығұрт ауданы Қызылқия ауыл округі Қызылсеңгір елді мекенінде ауыл тұрғындарымен кездесу болып өтті. Кездесуде отбасындағы зорлық-зомбылықтың, діни экстремизм және терроризмнің, жастар арасындағы ерте жүктіліктің және өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесуге ауыл тұрғындары, ауданның бас имамы, аудандық ішкі істер бөлімі ЖПҚ ювиналды полиция тобының инспекторлары, «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторының мамандары қатысты. Қазіргі таңдатәуелсіздік алған мемлекетімізде зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Оның етек алуы отбасынан басталады. Отбасындағы салауаттылық – өркениетті қоғамның талабы, өйткені ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлер мен мұраттар көбінесе отбасында дамып қалыптасады. Адамды өзара түсіністікке жеткізетін шынайы да, тұрақты сүйіспеншілік дәстүрлері де тек салауатты отбасында ғана қалыптасады.  Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында, алдағы отыз жыл ішінде мемлекетіміздің қандай бағытта,қалай дамуы керек екендігін белгілеп берді. Әрине, осы міндетті болашақта жастардың жүзеге асыратындығы күмәнсіз. Олай болса,сол жастардың білім деңгейі,ата-анадан алған тәлім-тәрбиесі қандай дәрежеде деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа толық,жан-жақты жауап беру әзірге қиындау,оған дәлел – бүгінгі қоғамымызда қылмыстың күнен-күнге көбеюі. Біздің ойымызша, оның себебі жастарымызға уақытында ұлттық тәрбиені бере алмағанымыздан туындағаны жасырын емес. Сондықтан, ұл кездесуде отбасындағы тәлім-тәрбие мен құндылықтар сөз болды.  

 

1 043 қаралым