Жарияланды: 13.12.2018

Татуластыру бөлмесі ашылды

13 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістан облысы, Түлкібас аудандық сотында фронт-офис және татуласу бөлмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Енді ажырасуға арыз жазып келген отбасылар сотқа жетпей-ақ, осындағы кәсіби медиаторлардың көмегімен қайта татуласуына мүмкіндігі бар.
Салтанатты іс –шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары А.Шайымова және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғ.Тұрсынбаев, Түлкібас ауданының әкімі Н.Тұрашбеков және аудандық мәслихат депутаттары мен құқық қорғау органдары, кәсіби медиаторлар қатысты.
Түлкібас аудандық сотының төрағасы М.Бекназаров фронт-офис және татуласу бөлмесінің жұмысын таныстыра келе, аталған орталықтар — азаматтардың сот қызметтерінің сапасына қанағаттану деңгейін арттыратынына тоқталып, фронт-офис — дауларды сотқа дейін реттеуді дамытудың, құқықтық ағартудың және азаматтардың білікті құқықтық қолдауының маңызды міндеттерін іске асыруға ықпал ететін айтып өтті. Фронт-офис және татуласу бөлмесі – халыққа қызмет көрсетудің заманауи стандарттары ескеріле отырып, кеңсе техникасымен жабдықталған кең залдар. Кәсіпқой медиаторларға және адвокаттарға арналған арнайы орындармен қамтамасыз етілген.

1 319 қаралым