Жарияланды: 13.12.2018

Психолог сот қызметкерлеріне арнап семинар-тренинг өткізді

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соттың 7-түйін оның ішінде «Оңтайлы орта», «Үлгілі сот» бағдарлама шеңберінде Түркістан облысы Түлкібас аудандық сотының төрағасы Бекназаров Маратәлі Өсербайұлының ұйымдастыруымен судьялар мен сот қызметкерлеріне психолог мастер-тренер Тілепова Динара Салемқызы семинар-тренинг өткізді. Сот төрағасы Бекназаров Маратәлі Өсербайұлы алғы сөзінде соттар қызметінің негізгі бағыты сот төрелігін іске асыру болып табылатынын, халықтың нақты қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қоғам мен соттар арасындағы тиімді қарым-қатынасты орнату кезінде және сот төрелігі жүйесіне халықтың сенімін арттыруды қамтамасыз ететін соттарды басқарудың тиімді жүйесін құру кезеңінде, сот қызметкерлері заңды жетік білумен қатар, психология негіздерін жақсы білу қажеттілігіне тоқталды. Себебі, түрлі адамдар, түрлі мінез-құлық пен көзқарас бар. Әсіресе, сотқа дейін жеткен отбасылардың, ерлі-зайыптыларды бітістіру немесе татуластыруға бағыт-бағдар беру үшін де олармен сауатты тілдесе білуді қажет етід. Психолог Д.Тілепова семинар-тренинг барысында судьялар мен сот қызметкерлеріне адамдармен қарым-қатынас жасай білу, сотқа келген азаматтармен жеңіл тіл табысу және қарапайым тілмен сот актілерін жетік түсіндіре білу дағдыларын түсіндіріп өтті.  Семинар-тренинг соңында психолог судьялар мен сот қызметкерлеріне психологиялық ойындар ұйымдастырып, қойылған сұрақтарға жауап берді.

1 517 қаралым