Жарияланды: 14.12.2018

«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясын иеленді

Биыл Елбасының Жарлығымен бекітілген «Парыз» байқауы елімізде он бірінші рет өткізілді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығымен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының лауреаттары атақтарын беру ережесіне сәйкес, «Парыз – 2018» конкурсына Түркістан облысы, Келес ауданынан «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясы жеке кәсіпкер Ұлбосын Рустемова жеңіп алды. Айта кетейік, Ұлбасын ханым Астана қаласында өткен Парыз-2018 Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурсында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Абылқасымова арнайы дипломмен марапаттады. Бүгінгі таңда еліміз бойынша орта есеппен шағын және орта бизнес субъектілерінің 41,5 пайызына әйелдер жетекшілік етіп келеді, ал 1086,5 мың жеке кәсіпкердің ішінде 542,9 мың әйел азаматша бар екен­. Бұл шағын және орта бизнес секторындағы бар­­лық жұмыс орнының 30%-ын құрайды. Осының бар­лығы дерлік әйелдер бизнесін одан әрі дамытуда және олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабі­леттілігін арттыруда қолданылып отырған жүйелі шаралардың нәтижесі. 

1 199 қаралым