Жарияланды: 12.12.2018

Отбасындағы ынтымақ-бірлік жайлы сөз қозғады

Бүгін Келес ауданы ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен іс жоспарға сәйкес, ауданда діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында акция болып өтті. Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің дінтанушы теолог маманы Калдыбек Аширбаев пен Батыржан Темірханов және Келес ауданы ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы Рысдаулет Ташимбетов, Келес аудындық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің теолог маманы Шынтас Самбетов қатысты. Жиында Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде дайындалған бейнеролик көрсетіліп, мектеп оқушыларына дін мен салт-дәстүр, керіағар діни ағымдардан сақтану жолдары жөнінде толыққанды мәліметтер берілді. Жастармен кездесу барысында отбасы жайлы уағыз-насихат жүргізілді. Сонымен қатар әңгіме барысында Ислам дінінің ұстанымы бейбітшілікті, отбасындағы ынтымақ-бірлікті, тіпті тілімен біреуге зиян тигізуге болмайтындығын қамтитындығын айтып, басқа да мәселелер жайында сөз қозғады.

 

1 019 қаралым