Жарияланды: 06.12.2018

«Имандылық ұлттық тәрбиенің бастауы» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Ағымдағы жылдың 6 желтоқсаны күні  Келес ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Бозай ауылдық округі №59 Б.Момышұлы жалпы орта мектебінде жастардың бойында ұлттық тәрбиені нығайту, жастарды имандылыққа шақыру мақсатында «Имандылық ұлттық тәрбиенің бастауы» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесуге Бозай ауылдық округі, Әбдімәлік ата мешіті имамы Ташкенбай Эшанкулов, мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мырзабай Хидиров және Бозай ауылдық округі бойынша жастар жөніндегі инспектор Налибеков Жасұлан қатысты. Жат ағым мәселесі қай елді болса да алаңдатары анық. Өйткені, жат ағым бүкіл қоғамның дертіне айналды. Қаншама жастарды адастырып тыныш берекелі отбасының ішіне ылаң салды. Жастарға дін мәселесінің күрделілігін атап өтіп, оған өте мұқияттылықпен қарауды ұсынды. Себебі, бүгінгі таңда діни экстремизм мен терроризм сөздерін естіп жүрген қаншама адам бар, яғни баспа немесе ғаламтор беттерінен шет елдердегі және Қазақстандағы діни ахуал, соның ішінде діни экстремизм мен терроризм тақырыптарына қатысты мәліметтер жетіп жатқанын ескеріп өтті.Бұл аталған мәселенің ғаламдық деңгейге орын алып отырғандығының белгісі Шынуайтында келгенде жат ағым жат қылыққа бастайды. 

1 126 қаралым