Жарияланды: 30.11.2018

Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетілмек

Бүгін 30 қараша күні «Нұр Отан» партиясы «Өркениет» бастауыш партия ұйымының бастамасымен Түркістан жоғары аграрлық колледжінің оқытушылар қауымы білім алушылар үшін қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды. Яғни ұстаздар өз шәкірттеріне арзандатылған төмен бағада тағам түрлерін ұсынды. Жәрмеңкеден түскен қаржы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек ретінде берілмек. Бұл бір жағы студенттердің қолжетімді бағада тамақтану үлгісі болса, бір жағы ұстаздардың өз студенттеріне үлгі бола алуы. Қайырымдылық шаралардың өткізілуіне ұстаздарының ұйытқы болуы расында өнегелі іс. Қоғамда қайырымдылық шараларының түрлері өте көп, тек бұған деген ықылас пен адамгершілік көрініс тапса болды. Іс-шара барысында білім алушылар ұстаздарына алғыстарын жаударды. Бір ғұламадан жас жігіт: «Қайырымдылық деген не?» деп сұрапты: Сонда ғұлама тұңғиық ойға шомып тұрып: «Қайырым¬дылық ағыл-тегіл су емес. Ол – адамның адамға бөлінген мейір-шапағаты арқылы болатын ізгілік. Әр адам алдына қойған мақсатына жету үшін ұмтылады. Сонда қиындыққа тап болса, бір жомарт кісі көмектесіп, жебеп жібереді. Ақ ниеттен туған сол жақсылық – қайырымдылық деп аталады» деген екен. Жақсылық жасау ниеттен. Оның жасалу жолы да сан алуан. Айта кету керек, оқу орнының ұжымы дәл осы секілді қайырымдылық жәрмеңкелерін үнемі өткізіп тұрады.

33 788 қаралым