Жарияланды: 29.11.2018

Жат қылықтарға бейім балалар көбінде ата-анасының мейіріміне мұқтаж

 

29 қараша күні Төлеби ауданы Тасарық ауылдық округіне қарасты Т.Тоғысбаев жалпы орта мектебінде аудандық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторының ұйымдастыруымен жастар мен жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау, зорлық-зомбылықтың және ерте жүктіліктің, келеңсіз жат қылықтардың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Өзіне өзі қол жұмсауға негізінен отбасындағы, мектептегі және достарының орта­сындағы қарым-қатынастар себепші болуда. Ал өз еркімен өмірін қиған немесе оны жасауға талпынғандардың ақыл-ойын зерделеу бұл балалардың басым көпшілігінің психологиялық тұрғыдан дендерінің сау екендігін көрсетті. Ата-ана «баламды жұрттың баласынан кем етпеймін» деп тек тамағын тауып, киім кешегін бүтіндеумен әлек болудың салдары. Тіпті, шаңырағына бір мезгіл уақыт бөліп, перзентімен ашық-жарқын сөйлесу ұмыт қалған тәрізді. Баласының киімі көк болғанымен көңілі күпті, жаны құлазып ата-анасының мейіріне мұқтаж күй кешуде екендігін көп жағдайда ұғына бермейміз. Анығырақ айтқанда имани тәрбиенің жоқтығында.  Осы тұрғыдан алып қарағанда жасөспірімдер отбасында, мектеп қабырғасында имани тәрбиеге мұқтаж. Демек ата-ана, мектеп мұғалімдері және психологтар бірлесе жұмыс атқаруы қажет. Жауапкершілік те теңдей бөлінуі керек.

1 204 қаралым