Мәдениет министрі — марафоншы

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының ұйытқы болуымен астаналықтар жаңа жылды марафонмен қарсы алды.

Салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, қалыпты дәстүрден жаңаша үрдіске бой алдыруға бағытталған шараға министр Арыстанбек Мұхамедиұлы және зиялы қауым өкілдері мен мәдениет қайраткерлері, спортшылар және қала тұрғындарынан құралған 200-ге жуық адам қатысты.

Сағат 23:00 «Бәйтерек» монументінен басталған марафон Нұржол жасыл желегі бойымен «Хан Шатыр» ОСК дейін жалғасып, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жаңа жылдық құттықтауын Мұз қалашығы аумағына орналастырылған ЛЭД-экран арқылы тамашалады.

183 қаралым

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*