Жарияланды: 21.06.2018

Экономиканы өрлетуге сеп…

Облыста экономикалық өсім жылдан жылға артып келеді. Облыс орталығының Түркістанға ауысуынан кейін енді өсім жағынан да біршама жетістіктер болары сөзсіз. Мәселен, былтыр жалпы өңірлік өнім көлемі 3090103,5 миллион теңгені құрады. Жалпы өңірлік өнім көлемі құрылымында тауар өндіру үлесі 37,8 пайыз, қызмет көрсету – 56,5 пайыз құрады. Ал биылғы жыл да табысты жетістіктермен қуантып отыр. Былтырғыға қарағанда биыл біршама өсім байқалады. Облыс бойынша 2018 жылғы қаңтар-мамырда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 305543,6 милион теңге болып, 2017 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 2,1 есе құрады. 2018 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша облыста 35832 шаруашылық жүргізуші субъект (заңды тұлға) тіркелді, олардың 22157 жұмыс істеп тұр. Тіркелген заңды тұлғалар ішінде шағын заңды тұлғалар саны (100 адамға дейін) – 34862, орта заңды тұлғалар (101 ден 250 адамға дейін) – 769, ірі заңды тұлғалар (250 адамнан жоғары) – 201, оның ішінде жұмыс істейтіндер – тиісінше – 21227, 749 және 181 бірлік. Облыс қоржынын қомақтыландыруға сеп болып отырған негізгі басымдық индустриалды аймақтар болып отыр. Өйткені бүгінде облыс орталығындағы және аудандардағы индустриалды аймақтарда өнім өндіріп жатқан кәсіпорындардың табысы ұлғайып келеді.

1 251 қаралым