Tengrinews.kz редакциясы қазақстандықтардың 2019 жылы құжат жасатуға қанша ақша жұмсайтынын анықтады. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мәліметінше, 2019 жылы АЕК өзгергеніне байланысты құжат жасату құны да біршама өзгерген: жеке куәлік — 505 теңге; паспорт — 20 200 теңге;
Айта кетейік, Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында паспортты бір жұмыс күні ішінде 5135 теңгеге жасатуға тапсырыс беруге болады, ал үш жұмыс күні ішінде жасатуға 2905 теңге төлейсіз. — жүргізуші куәлігі — 3150 теңге; — көлік құралын тіркеу туралы куәлік — 3157 теңге; — туу туралы куәлікті қайта жасату — 2525 теңге; — неке қию туралы куәлікті қайта жасату — 2525 теңге Сонымен қатар, «Азаматтарға арналған үкімет» қызметкерлері ХҚКО-лар мен Арнайы ХҚКО-ларда құжат рәсімдеуге банк комиссиялары да барын ескертеді.