Жарияланды: 08.01.2019

Дәретханалар «дәуірі» басталмақ

Қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан мен кәсіпкер Марғұлан Сейсембай мемлекет аумағына дәретханалар салуға және қоқыстан тазалауға шақырды, деп жазады Stan.kz.
Бұл туралы Мұхтар Тайжан Facebook желісінде жазды.
«Мемлекет бойынша дәретхана салу және қоқыстан тазалауға бағытталған Taza like! Жобасын бастаймыз», – дейді қоғам қайраткері.
Өз сөзінде Тайжан мемлекет аумағына дәретханалар салу үшін 4 бизнес-жоспар дайындағандарын айтты.
Ол жекелей алғанда жолдардағы дәретханаға ҚР Индустрия министрлігі, туристік және қасиетті орындардағы дәретханалар үшін Мәдениет министрлігі, мектептер мен ауруханадағы,  әсіресе ауылдық жерлердегі дәретханалар үшін, Білім және ғылым министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі, ал қала ішіндегі дәретханаларға әкімдіктер жауапты екенін атап өтті.
«Сонымен қатар дәретханалар қоқыс жинайтын орын болады. Біз мемлекеттік-жеке серіктестік аясында бұл жұмыстарды ұйымдастыруға дайынбыз. Ендігі үкімет бұл бағдарламаның маңызының тереңдігіне мән бергені керек. Негізі, бұл өз жеріңе және азаматтарға деген қарапайым құрмет. Сонымен қатар бұл біздің балаларымызға үлгі жәрне таза, мәдени ортада өсуі үшін жасалатын қамқорлық», – деп жазады Мұхтар Тайжан.
Сонымен қатар ол бұл бағдарламаның жүзеге асырылуы үшін лоббиші болуға дайын екенін айтты.
«Ауылдық балалардың не үшін мектептегі қорқынышты дәретханаға баруы керектігін ойлап, ренжитін едім. Бұл ерте жастан бастап адамның абыройын таптау емес пе. Бұл барлығымызға бағытталған сұрақ», – дейді Тайжан.
Сондай-ақ, ол мемлекетте санитарлық нысандарды салу үшін қаржы жеткілікті екенін атап өтті.
«РҚ Қаржы министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігінің бюджетте қаржы жоқ екені туралы сылтауы қабылдандайды. Мен республикалық бюджет пен бұл бизнес-жоспарлардағы сандарды жақсы білемін», – дейді қоғам қайраткері.
Өз сөзінде ол қоқыс орындары мен дәретханалар салу үшін көп ақша кетпейтінін жеткізді.
«Оның үстіне жеке бизнес қатерді бөлісуге дайын. Сонымен қатар азаматтық белсенді бизенсті де ел игілігі үшін серіктестікке қосылуға шақырамын. Біз көп болсақ, бұл мәселені жылдам шешеміз», – дейді белсенді.

1 192 қаралым