Облыс бойынша бүгінде сауда саласы бойынша 2018 жылғы қаңтар-мамырдағы нақты көлем индексі 110 пайызды құрады. Бөлшек сауда көлемі 2018 жылғы қаңтар-мамырда 171774.6 миллион теңгені немесе 2017 жылғы қаңтар-мамыр деңгейіне 110,9 пайызды құрады. Көтерме сауда көлемі 257810,4 миллион теңгені немесе 2017 жылғы қаңтар-мамыр деңгейіне 108,9 пайызды құрады. 2018 жылғы қаңтар-наурызда облыстың сыртқы сауда айналымының көлемі 749,9 миллионАҚШ долларын немесе 2017 жылғы қаңтар-наурыз деңгейіне 124,1 пайызды құрады, оның ішінде экспорт, тиісінше – 305,1 миллион. АҚШ долларын немесе 110,6 пайыз, импорт – 444,8 миллион АҚШ долларын немесе 135,3 пайызды құрады. 2018 жылғы 1 мамырға облыс бюджетінің табыстары 160124,1 миллион теңгені, шығындары – 153600,6 миллион. теңгені, бюджет дефициті – 175,1 миллион теңгені құрады. 2017 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда табыстар 9,1 пайызға артты. Алдағы уақытта да сауда саласынан түскен табыс еселене түседі деген сенім басым. Өйткені индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының арқасында мемлекеттен қолдау көріп, кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпорындар жетерлік. Өнім өндіріп, сауданың көрігін қыздырып отырғандардың басым бөлігі де солар.
Жарияланды: 21.06.2018