Жарияланды: 21.06.2018

Әр ауданда бір салаға басымдық берілген

Оңтүстік Қазақстан облысында әр ауданның өзіндік ерекшелігіне қарай белгілі бір салаға басымдық беріледі. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолжетімді несие қаржылармен қамтамамсыз ету, ауыл шаруашылығы кооперативтері мен машина-тракторлық стансалар жүйесін жетілдіру, өнімдердің экспорттық әлеуетін арттыру, суармалы жерлердің көлемін ұлғайту, модульді сүт қабылдау бекеттерін, мал бордақылау алаңдарын ашу, сақтау қоймасын салу әрі ауыл шаруашылығы өнімдерін өзге аудандар мен облыстарға тасымалдау арқылы саудалау жоспарланып отыр. Енді алдағы бір жылда өңірден ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі күшке айналатын кооперативтердің қатары артпақ. Ал Сайрам ауданында шағын және орта кәсіпкерлік саласында 25 мыңнан астам субьект жұмыс істейді. Индустриалды инновациялық даму бағдарламасының арқасында биыл 6 инвестициялық жобаны іске асыру арқылы өнеркәсіп өнім көлемін 39,3 млрд.теңгеге жеткізіп, өсімді 8 пайызға жеткізу жоспарлануда.Аудандағы өнеркәсіп өндірісінің үлесі облыс бойынша 4,2 пайыз көлемінде. «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына» ауданнан 13 жоба енген. Олардың жалпы құны — 7,3 млрд.теңге. 2018 жылы бағдарлама аясында «Конус и К», «Бірлік» ЖШС, «Көктал Групп», «Элит Стори M&A» сынды 4 жобаны іске қосу жоспарланған. «Даму» бағдарламасына сәйкес, 2020 жылға дейін өнім көлемін 58,8 млрд теңгеден 64 млрд теңгеге, оның ішінде биыл ауыл шаруашылығындағы өнім көлемін 59,5 млрд теңгеге жеткізу көзделген.

1 212 қаралым