Жарияланды: 16.01.2019

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау – басты мақсат

Бүгінде Шымкент қалалық Кәсіпкерлер палатасы ауқымды жұмыстар атқаруда. Басты мақсаттары кәсіпкерлікті қорғау болып табылатын палата нәтижелі жұмыстарға қол жеткізіп отыр. Оның дәлелі мол.

 

Ағымдағы жылдың екі айында әкімшілік кедергілерді азайту және кәсіпкерлер құқығын қорғау бөлімімен 93 өтініш қаралды, оның 50 % — ы кәсіпкерлердің пайдасына оң шешілді.

 

Жалпы 2013-2014 жылдары жер қатынастары саласындағы өтініштер алдыңғы қатарда болды, олар келіп түскен өтініштердің жалпы санының 45% — дан астамын құрады, 10-12% салық салу және кедендік әкімшілендіру саласындағы өтініштерге тура келді, ал заңсыз тексерулер-5-6%-ды құрады. Бүгінгі күні жер қатынастары саласындағы өтініштер 25% дейін төмендеді, салық салу және кедендік әкімшілік 8% дейін төмендеді, ал тексеру 0% дейін төмендеді.

Кәсіпкерлер Палатасының жергілікті атқарушы және аумақтық мемлекеттік органдармен бірлескен форматында осы төмендетулерге белсенді өзара іс-қимылы нәтижесінде қол жеткізіп, бизнес пен қауымдастықтар өкілдерінің консультативтік-кеңесші және алқалы органдарында қатысуы да әсер етті. Қазіргі уақытта Республикалық маңызы бар қала мәртебесін алуына байланысты, Шымкент қаласы әкімдігі мен басқа да мемлекеттік органдарының құрылымының өзгеруіне байланысты осы бағыттағы жұмыс қайта басталады.

«Диалогтық және байланыс топтары аясында жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдармен ғана емес, ЖШС «Оңтүстік Жарық Транзит» табиғи монополиялар субъектілерімен де диалог алаңы орнатылды, АҚ «Ұлттық компания «Қазақстан темір жолы», АҚ ОҚФ «КазТрансГазАймақ», бұл мәселеде кәсіпкерлердің өтініштері хат алмасу арқылы ғана шешілмейді, ауызша келіссөздер мен бірлескен WhatsApp топтары арқылы да шешіледі, бұл өте жедел және аз ғана уақыт ішінде бизнес мәселелерін шешуге көмектеседі», — деп атап өтті Кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары Қайрат Акенов.

Екі ай мерзім ішінде Палата жергілікті өкілді органдарының нормативтік-құқықтық актілерінің 8 жобасына сараптама жүргізді, оның ішінде Нормативтік-құқықтық актілердің 3 жобасы қайта қарауға қайтарылды.

Бизнестің өңірлік деңгейдегі проблемаларының Тізілімін жүргізуде, 8-ге жуық өңірлік проблемалар анықталды. Алдағы уақытта да палата мамандары кәсіпкерліктің дамуы, бизнесті қорғау бағытында ауқымды жұмыстар атқармақты көздеп отыр.

1 226 қаралым