Жарияланды: 16.01.2019

Шымкентте 439,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Шымкент қаласында өткен жылы жалпы алаңы 439,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Ал қалада жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 2 есеге артты. Бұл туралы қала әкімі Ғ.Әбдірахымовтың төрағалығымен өткен жиында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Р.Мүлкеманов мәлімдеді.

 

Шымкент қаласының 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындысы туралы баяндаған басқарма басшысы қаланың макроэкономикалық көрсеткіштерінде өсім бар екенін жеткізді.

 

«Өнеркәсіп өнімінің көлемі 476 млрд теңге болып, 2017 жылға өсімі 104,5 % құрап, жоспар орындалды. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің өсімі 104,9% құрап, жоспарға қол жетті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі өткен жылға 100,3% құрады. Қалаға бағытталған инвестиция көлемі 2017 жылдан 2,5 есеге артып, жоспар асыра орындалды», — деді Р.Мүлкеманов.

shymkent.gov.kz

1 226 қаралым